26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының сомасы 6,14 трлн теңгеге жетті

15 маусым 2016 Қаралым: 1 400
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының сомасы 6,14 трлн теңгеге жетті
Алматы. 16 маусым. Ақпараттар орталығы. 2016 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,14 трлн теңгені құрады, деп хабарлады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) баспасөз қызметінен. 

Хабарда айтылғандай, 2016 жылдың басынан бері 208,59 млрд теңге көлемінде таза инвстициялық кіріс алынған. 

Жыл басынан бері 85,53 млрд теңге сомаға зейнетақы төлемдері мен аударымдары жүзеге асырылды. Осы сомаға 9,06 млрд теңге көлеміндегі сақтандыру мекемелеріне аударымдар да кіреді. 

2016 жылдың 01 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша шарттардың жалпы саны 10,13 млн бірліктен асты, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақыны қамтуға арналған шарт жасасқан салымшылар (алушылар) саны 9,7 млн болды. Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша шарт саны 400 903 бірлікті құрап отыр. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 38 871 дада.

Өзінің жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты салымшы (алушы) 236 бөлімшенің бірінен кез келген уақытқа ала алады. Сонымен қатар өзінің зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты электронды пошта бойынша немесе www.enpf.kz. сайтынан алуға болады.

фото:  vlast.kz