26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстандықтардың зейнетақылық жинақтарының сомасы 6 трлн теңгеден асты

23 мамыр 2016 Қаралым: 1 483
Қазақстандықтардың зейнетақылық жинақтарының сомасы 6 трлн теңгеден асты
Алматы. 24 мамыр. Ақпараттар орталығы. Жинақталған зейнетақылық жинақтарының сомасы 2016 жылғы 1 мамырға Т6,09 трлн болды, деп хабарлады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) баспасөз қызметінен. 

Барлық зейнетақы жарналары бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн. бірліктен, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша – шамамен 9,7 млн. бірліктен асты. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 398 472 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38 835 бірлік болды.

2016 жылдың басынан бастап алынған және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыс 127,37 млрд. теңге болды..

«Мемлекет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес төлемге құқық алған кездегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде кепілдік береді», - деп атап өтті қорда.

БЖЗҚ-дан жасалған төлемдер мен аударымдар сомасы 2016 жылғы төрт ай ішінде 73,23 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар сомасы 6,74 млрд. тенге болды.

Баспасөз қызметінде еске салғандай, қор салымшылары enpf.kz сайты, «ENPF» ұялы қосымшасы немесе e-gov порталы арқылы жарналар түсімін бақылай алады.