29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанның бас прокуроры ағылшын баронессасымен кездесті

28 ақпан 2016 Қаралым: 2 138

Алматы. 29 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Ұлыбританияның көрнекті саяси және мемлекеттік қайраткері баронесса Патриция Скотландпен кездесу өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.  

Кездесу барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризмге, заңсыз жолмен табылған ақшаны жылыстатуға қарсы әрекет жасау аясындағы, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Патриция Скотланд қазақстандық прокуратураның елдің халықаралық-құқықтық саясатын жүзеге асырудағы рөлін жоғары бағалады және құқықтық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудегі ниетін растады.

А. Дауылбаев баронессаның азаматтық және қылмыстық сот төрелігі жүйесін жаңғырту, еуропалық заңнаманы реформалау мен дамыту саласындағы қызметіне аса қызығушылық танытты Англия мен Уэльстің Бас прокуроры болған кездері, сондай-ақ Лордтар палатасында, сыртқы және ішкі істер министрліктерінде жауапты лауазымдарда қызметте болған уақытта Патриция Скотланд Ұлыбританияның құқықтық жүйесін нығайтуға және құқықтық органдардың әрекеттестігіне елеулі үлес қосқан.Қылмыстық-құқықтық заңнаманың дамуы, күрделі алаяқтық қылмыстарды тергеу оның белсенді қатысуымен өткен. Сондай-ақ ол қылмыстық істерді тергеу және мемлекеттік айыптауды қолдау өкілеттігі бар Корольдіктің прокурорлық қызметінің Офисіне жетекшілік еткен.