Қазақстанның Даму Банкі қазақстандық автопромды қолдауға 20 млрд. теңге бөледі
Алматыда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) қазақстандық автоқұрастыру кәсіпорындарын қолдауға Ұлттық қор қаражаты есебінен 20 млрд. теңге бөлу жөнінде несие келісімдеріне қол қойды, деп хабарлайды банктің жұртшылықпен байланыс қызметі.
Осы соманың 15 млрд. теңгесі Қазақстанда құрастырылған автомобильдерді сатып алуға жеке тұлғаларға несие беру үшін, 5 млрд теңгеге дейін — арнаулы мақсаттағы автокөлік пен автотехниканы, ауыл шаруашылық техникасын қоспағанда, лизингке сатып алатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді қаржыландыруға «ҚДБ-Лизинг» компаниясына жолданады.
Несие беру шарты бойынша атаулы сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 4% аспайды, сонымен қатар жылдық тиімді мөлшерлемесі (барлық комиссияларды, сақтандыру мен автоны кепілге рәсімдеуді қамтиды) – 7,5% аспау керек. Несие беру мерзімі – 5 жылдан аспайды, қарыз валютасы – теңге, міндетті бастапқы жарна – сатып алатын автокөлік құнынан 20% аспайды.
Автонесиелер келесі банктер арқылы беріледі: Қазақстан Халық Банкі — 4 млрд. теңге, Еуразиялық Банк — 3 млрд. теңге, Сбербанк России — 2 млрд.. теңге, ForteBank — 2 млрд. теңге, Банк Центр Кредит — 2 млрд. теңге, АТФ Банк — 2 млрд. теңге.
«Қарыз алушыларға құрастыруы «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ және «АЗИЯ АВТО» АҚ жүргізілетін «Kia», «Chevrolet», «Skoda», Hyundai, «SsangYong», «Peugeot» және т.б. сияқты бренд автоларының 55 моделі ұсынылады. ҚДБ www.kdb.kz сайтында авто моделдерінің толық тізбесімен танысуға болады», — делінген хабарламада.
Лизинг бойынша мерзімі – 3 жылдан 5 жылға дейін, атаулы сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4% аспайды, қаржыландыру валютасы – теңге. Лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг затының құнынан 30%, негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдік кезеңі– 6 айға дейін, қосымша шығыстар (сақтандыру, сервистік және агенттік қызмет көрсету) лизинг алушы есебінен төленеді.