Қазақстанның халықаралық резервтері қаңтар-мамырда 2,6%-ға өсіп, $93,12 млрд болды
Алматы. 9 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның халықаралық резервтері 2017 жылдың мамыр айында алдыңғы аймен салыстырғанда 0,47%-ға, жыл басынан бері 2,61% артып, $93,121 млрд-қа дейін жетті. Мұндай мәліметтер бейсенбі күні ҚР Ұлттық банкінің сайтында жарияланды, деп жазады ҚазТАГ.
Ұлттық банк мәліметі бойынша, Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері биылдың мамырында 2,16% артып (қаңтар-мамырда – 3,09%) $30,441 млрд-қа дейін жетті, соның ішінде таза халықаралық резервтер – 2,2% артып, (+3,21%) $29,928 млрд-қа дейін жетті
Ұлттық қор активтері 0,34% артып (+2,39%), $62,68 млрд болды. ЕАВ-дағы активтері бір айда 2,53%-ға өсіп (жыл басынан бері төмендеуі 3,33%) $19,25 млрд-қа дейін жетті. Алтындағы активтері 1,53% (+16,38%) ұлғайып, $11,191 млрд. болды.
Дереккөз: КазТАГ


