Қазақстанның химия өнеркәсібі саласында 2,5 мыңнан астам жұмыс орыны ашылған
Индустрияландырудың бірінші бесжылдығында, яғни 2010-2014 жылдар аралығында химия өнеркәсібі саласында 45 кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды ҚР инвестициялар және даму министрілігі.
Бес жыл ішінде салада барлығы 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылған. Қазір репсубликада химия саласында 410 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 371-і – шағын, 26-сы – орта, 13-і – ірі кәсіпорын. Олар негізінен базалық химикаттар, минералдық тыңайтқыштар, лактар мен бояулар, пестицидтер және басқа агрохимиялық өнімдерді шығарады.
2014 жылы 100 139 тонна фосфор, 19 543 тонна хлор, 2 277 720 тонна күкірт қышқылы, 32 954 тонна окись хром тотығы, 29 479 тонн натрий гидроксиді, 282 848 тонна азот тыңайтқыштары, 82 424 тонна фосфор тыңайтқыштары, 6 739 тонна жуу қоспалары және 67 913 тонна полимер негізінде бояу және лактар шығарылған.
Өнімдерін өндірудің негізгі көлемі Жамбыл – 23,7%, Ақтөбе – 13,3%, Маңғыстау – 10,2%, Қарағанды – 14,3%, Шығыс Қазақстан – 10,8% және Павлодар – 6,7% облыстарына тиесілі.