26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанның көлік-логистикалық жобаларын жүзеге асыруға 20 млрд. доллар бөлінеді

16 сәуір 2015 Қаралым: 1 130

Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан-Түркия бизнес форумында президент Н. Назарбаев айтты, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

«Қазақстан Орталық Азиядағы іскерлік транзиттік және логистикалық хаб болуға ұмтылуда. Аталған іс-шараны жүзеге асыруға 20 млрд. доллар бөлінеді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, темір жол салу бойынша жұмыс аяқталып енді Еуропаға Ресей, Қазан арқылы автомагистраль ашу көзделуде.

Бұдан өзге, Жезқазған-Бейнеу теміржол магистралін жаңадан салынып жатқан Ахалкалаки (Грузия) — Карс (Түркия) теміржол желісімен интеграциялау мүмкіндігі қарастырылуда. Оған Баку және Ыстамбұл порттары арқылы жаңа Мармарай теміржол туннелімен Еуропа елдеріне шығуға болады.