Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысында демалыс күндері күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады
Астана. 26 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысында демалыс күндері күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасаған ҚазТАГ.
«Республиканың көптеген бөліктерінде алдымен жылы, содан кейін суық фронттар ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай жарқырап, кей жерлерде қатты екпінді жел соғып, бұршақ болады деп күтілуде. Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында басымырақ таулы және тау бөктері аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтілуде, осы ретте ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары, ал қалған аумақта нормадан 2-4 градусқа төмен болады», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада демалыс күндері өткінші жаңбыр жауады, желдің екпіні 15-20 м/с, ауа температурасы +24+26 градус.
Алматыда сенбіде жауын-шашын болмайды, жексенбіде және дүйсенбіде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, ауа температурасы +29 градус.
Дереккөз: КазТАГ


