29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанның, Ресей мен Швейцарияның жоғары оқу орындарының студенттері ғаламтор арқылы есірткі сатқан

14 қыркүйек 2016 Қаралым: 2 158 Құқық
Қазақстанның, Ресей мен Швейцарияның жоғары оқу орындарының студенттері ғаламтор арқылы есірткі сатқан

Алматы. 14 қыркүйек. Ақпараттар орталығы. Ұзақ жүргізілген жедел іздестіру шараларының барысында есірткіге қарсы полицейлер интернет ресурстары арқылы есірткі құралдарын өткізген қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен. 

Хабарда айтылғандай, қылмыстық топ 20-25 жас аралығындағы 8 (сегіз) адамнан құралған, олардың төртеуі Швейцария, Ресей және Қазақстанның белгілі жоғарғы оқу орындарының студенттері. 

Қылмыстық кесте «Qiwi-Кошелек» электрондық жүйесіне ақша аударуды көздеген.

"Осы топтың жетекшісі, өзіне сенімді деген ортадағы адамдармен байланыс орнатқан. Ол, есірткіге тапсырыс беретін ұялы телефондардың нөмірлерін беріп отырған. Клиенттер тапсырыс берген соң, «Qiwi-Кошелек» электронды жүйесі арқылы тапсырыс үшін ақша төлейді, содан соң оларға ұялы телефон арқылы есірткіні қай жерден алу керек мекенжайы хабарланады", — делінген баспасөз парақшасында.

Сонымен қатар, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері олардың жалдамалы пәтерінен заңсыз зертхананы және үй жағдайында қарасораны қолдан өсіруге арналған жылы-жай лампалары, желдеткіштер мен электронды приборларды анықтады.

"Тінту жүргізу кезінде 20 кг астам есірткі, оның ішінде 18 кг гашиш, сондай-ақ синтетикалық есірткі болуы мүмкін деген қызыл түсті ұнтақ алынды.Ол бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды", — деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта аталған топтың есірткі өткізді деген 10 фактіге қатыстығы дәлелденді. Ұсталғандар Алмалы аудандық сотымен қамауға алынды.

Хабарда айтылғандай, жыл басынан бастап 327 сайт анқталды, олардың248-і соттың шешімімен жабылды, қалған 79 сайт соттың қарауында.

 

Тағы оқыңыз