26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2014 ж.қаңтар-қарашада 110 млрд АҚШ долларынан асқан

15 қаңтар 2015 Қаралым: 1 295

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баяндауынша, 2014 жылдың қаңтарынан бастап қараша айын қосқандағы кезеңде сыртқы сауда айналымы 110 млрд 588 млн. АҚШ долларынан асқан. Бұл 2013 жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 9,9% төмендеген, оның ішінде экспорт – 73 млрд 269 млн. АҚШ долларын, 6,7% аз, ал импорт – 37 млрд 319 млн. АҚШ долларын құрады  - 15,6% аз.

Жалпы, 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі, қоғамдық тамақтандыру айналымын айтпағанда, 6 млрд. теңгенің шамасында болған, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 12,1% өскен.

Көтерме сауда көлемі жөнінде айтатын болсақ, ол 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 16 млрд 358 млн теңгені құрап, 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,7% артқан.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтердің көлемі 256,8 млрд. теңгені құраған және 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 0,9% өскен.