29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қазақстанның зейнетақы жүйесі қаржыландырудың үш көзіне көшеді

10 наурыз 2017 Қаралым: 2 355 Экономика,  Қоғам
primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Алматы. 10 наурыз. Ақпараттар орталығы. Қазақстанның зейнетақы жүйесі қаржыландырудың үш көзіне көшеді, деп жазады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасаған primeminister.kz.

Үкіметтегі баспасөз мәслихатында министр еске салғандай,   1998 жылдан бастап мемлекет ынтымақты зейнетақы, 2005 жылдан бастап – базалық зейнетақы төленіп келеді.  1998 жылдан бастап барлық жұмыспен қамтылған азаматтар өз жалақыларынан 10%-ды жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.  

"Мұның бәрі өзгеріссіз қалады. Жаңашылдық – ендігі жұмыс беруші зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне енгізіледі. Ол өз қызметкерінің жалақысының 5% салады", — делінген мәтінде.

Қаржыландырудың үш көзі бар жүйеге көшуді 2020 жылы жүзеге асыру жоспарланған.  

Сондай-ақ, Т. Дүйсенова келер жылдары мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыларды одан әрі арттыру жоспарланғанын еске салды. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ынтымақты да, базалық зейнетақы да 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға ұлғайтылады. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектік, асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы 16%-ға арттырылады.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгертіледі: енді базалық зейнетақы азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады. Бұл 3 млн астам халыққа қатысты болмақ.      

«Бұл мемлекеттік бюджеттің қосымша шығындарын қарастырады. Бюджетте 300 млрд теңгеге жуық қарастырылған. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақының орташа мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 45%-ға ұлғайтылады деп күтілуде», – деді министр.

Дереккөз: Официальный сайт премьер-министра РК

Тағы оқыңыз