Қазатомөнеркәсіп отандық кәсіпкерлердің дамуын қолдайды
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
Қазатомөнеркәсіп отандық кәсіпкерлердің дамуын қолдайды
Қазатомөнеркәсіп отандық кәсіпкерлердің дамуын қолдайды
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзара іс-қимыл туралы Келісімге қол қойды. Құжатты Әкімшілік мәселелері жөніндегі бас директор Қайрат Әбсаттаров пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бекітті.
Тараптар отандық тауар өндірушілерге, жұмыстар және қызметтер жеткізіп берушілерге қолдау көрсетуге, қазақстандық кәсіпкерлерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуге, тауар, жұмыс және қызметтердегі жергілікті мазмұн үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ ақпараттық ықпалдастықты іске асыруға келісті.
Келісім ынтымақтастыққа және бизнес-қауымдастықпен сындарлы диалог құруға, сатып алулар үдерісінің ашықтығын арттыруға және оны жетілдіруге, кәсіпкерлердің сатып алуларға бірдей қатысуын қамтамасыз етуге, жеткізіп берушілер арасындағы бәсекелестікті дамытуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты мейлінше азайтуға қызмет ететін болады.
Еске сала кетсек, 2015 жыл қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіп отандық тауар өндірушілерді қолдайтын жылдың үздік тапсырыс берушісі болып танылған болатын. Компания «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында «Жергілікті мазмұнды дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Былтыр «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның орындалған келісімшарттарындағы жергілікті мазмұн үлесі 79,9% құраған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру және конструкциялық материалдар өндірісі. Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.
www.kazatomprom.kz
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қоғаммен байланыс департаменті
+7 /7172/ 55-13-05
pr@kazatomprom.kz