26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«ҚазМұнайГаз» 2015 жылы кем дегенде 22 млн. тонна мұнай өндірмек

9 ақпан 2015 Қаралым: 967

2015 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ көмірсутектерді өндіру және тасымалдаудың нақты көлемдерін сақтауға ниетті, деп хабарлады ҚМГ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Астанада болған брифингте.

«Капиталды салымдарының қысқаруына қарамастан өндіру және тасымалдаудың нақты көлемдерін сақтау қолымыздан келетін шығар, бірақ қаржы нәтижелері бойынша жағдай қиын болады деп күтілуде», — деді С.Мыңбаев.

Оның айтуынша, мұнайдың бағасы түсуі 2014 жылдың 4 тоқсанында болғандықтан компанияның таза табысы жыл басында жоспарлағандай болған. Жылдық табыс 366 млрд. тенгені құраған.

Өткен жылы компания шамамен 22,3 млн тонна мұнай өндірген, магистральды құбырлармен 64 мың тоннаны, ал теңіз арқылы 9,6 млн тонна мұнай тасымалданған. Сонымен қатар ҚМГ 4,7 млн текше метр табиғи газ өндірген.