«ҚазТрансГаз» АҚ «Газпром добыча Кузнецк» ААҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Меморандум көмір қыртыстарынан метанды өнеркәсіптік өндіру саласында ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық жасауды көздейді, деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі.
Меморандум шеңберінде тараптар көмір қыртыстарынан метан барлау және өндіру саласында, атап айтқанда жобалар әзірлеу, лизингке жабдықтар беру немесе жабдықтарды тараптардың бірлесіп пайдалануы бойынша ынтымақтастық жасасатын болады. Геологиялық зерттеу, өндірістік қызмет нәтижелерін коммерциялық қолдану, аса тиімді технологияларды құру жоспарлануда. Тараптар ақпаратпен алмасып, бірлескен кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар құра алады, сондай-ақ көмір қыртыстарынан метан барлау және өндіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыра алады.
Осы бағыт көмірсутек шикізатын өндіру саласында инновациялық болып табылады, сондай-ақ дәстүрлі энергия тасушының бірі ретінде табылады, оның болжамды қорларын отынның баламалы компоненті – Қазақстан Республикасының энергетикалық базасы ретінде қарауға мүмкіндік береді. Осы мәселені зерделеу маңызды әрі бұдан былай Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру үшін баламалы нұсқасының бірі ретінде ықпал ететіді, делінген баспасөз хабарламасында.