26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

«ҚазТрансГаз» АҚ Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында газбен қамтамасыз ету жұмыстарын белсендіреді

5 ақпан 2015 Қаралым: 1 068

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының газбен жабдықтау желілерін модернизациялау және қайта жаңғырту, елді мекендерді газдандыру бойынша ұзақмерзімді және өзара тиімді іс-шаралар жөніндегі 2 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі.

Меморандум мемлекет Басшысының өндірістік процестерді тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасы аясында, сондай-ақ өңірлердің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, газбен жабдықтау және экологиялық ахуалды жақсарту, газ құбырларының қалыпты жағдайда жұмыс істеуін қамтамасыз мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және Әкімдіктер арасында қол қойылды.

Меморандумға сәйкес, «ҚазТрансГаз» АҚ:

Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасын газдандырудың 2030 жылға дейінгі бас сызбасы шеңберінде 3 автоматты газ тарату станциясын (бұдан әрі-АГТС) салуды, газ тарату жүйесін жаңғырту, бұрма газ құбырларын салуды, жеткізуші және жеке сектордағы тұрғын үйлерге дейін ауылішілік газ құбырларын салуды көздеп отыр. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның осы аталған нысандардың құрылысына құятын инвестициясының жалпы көлемі 20,0 млрд.теңгеден асады.

Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасын газдандырудың 2030 жылға дейінгі бас сызбасы шеңберінде жаңа газ жүйелерін салу, жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырларын төсеу, Жаңаөзен қаласында 3 АГТС бар жоғары қысымды жеткізуші газ құбырларын салу, «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан Шетпе елді-мекеніне дейін АГТС бар бұрма газ

құбырын салу, ауылішілік жоғары және орта қысымды жерасты газ құбырларын төсеу, сонымен қатар ауылішілік төмен қысымды газ құбырларын төсеу көзделген. «ҚазТрансГаз» АҚ Маңғыстау облысындағы аталған нысандардың құрлысына құятын инвестициясының көлемі 33,0 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде қолданыстағы газ тарату жүйелерін жаңғыртуға 20,0 млрд.теңге жұмсалады.

Меморандумға сәйкес, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері жер телімдерін бөліп, газдандыру нысандарын салуға мүмкіндік беретін тиісті рұқсатнамалық құжаттарын әзірлейді. Техника-экономикалық негіздемелер мен жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, болашақта «ҚазТрансГаз» АҚ беріледі.