• USD/KZT
    0.0
  • EUR/KZT
    0.0
  • RUB/KZT
    0.0
  • CNY/KZT
    0.0

«ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында елордадағы ерекше қамқорлыққа мұқтаж 200 балаға арнап бірегей концерт ұйымдастырды

«ҚазТрансГаз» АҚ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу құрметіне балаларға арналған іс-шара – «ДОСТЫҚ бар жерде ТАБЫС мол» атты халықтар достығы фестивалін өткізді, деп хабарлайды «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі.

 Балаларға арналған концерттік бағдарлама Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне, елорададағы аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға арналды. Іс-шараға шақырылған 14 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны шамамен 200 адамды құрады.

«ҚазМедиаОрталығы» концерт залында өткен балаларға арналған ойын-сауық фестивалінің қатысушылары – «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлерінің 3-тен 14 жасқа дейінгі 50-ден астам балалары. Бағдарламада жасы ересек және кіші балалар қоры, бишілер және өлең шығарғыш балалар өнер көрсетті. Бұдан басқа, әртүрлі ұлт: қазақ, орыс, корей, кавказ, өзбек, неміс мәдениетінің 6 әуенінен құралған жаппай костюм киген бишілер нөмірі бағдарламаның көзайымына айналды. Ойын-сауық іс-шарасынан бөлек, кішкентай көрермендер үшін тағы бір тосынсый – арнайы сыйлықтар (сағат, жастық, жұмсақ ойыншықтар және тәттілер) және Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі халықтың тағамдарынан жасалған мол дастархан дайындалған болатын.

Кәсіпқой хореографтар, бағдарламаның сценарийшісі мен режиссері, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлері қатарынан шыққан белсенділер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға көмектесті.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Басқарма мүшесі Ботагөз Байбатырова сөйлеген сөзінде: «Өскелең ұрпақ, жас қазақстандықтар әртүрлі халықтың дәстүрлері мен мәдениетін біліп, құрметтеуі қажет. Халықтар достығы мен келісім – мемлекетіміздің іргетасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасында біздің ортақ үйімізде БЕЙБІТШІЛІК пен ТЫНЫШТЫҚ орнап тұр. Еліміздің ірі компаниясы ретінде біз бұған ерекше көңіл бөлеміз. Бүгінгі бірегей фестивальда әртүрлі отбасының балалары жандарында кімнің бар екенін білді, қазақстандықтар – мемлекеттілігіміздің белгісі ғана емес, біртұтас өмір салты екенін де түсінген болар деп сенемін.» деп атап өтті.

Өз кезегінде, мерекелік іс-шараның қатысушыларына айналған балалар Жаңа жыл қарсаңында мерекені сезінуге және үлкен сахнада өз таланттарын

көрсетуге мүмкінік берген «ҚазТрансГаз» компаниясына өздерінің ризашылығын білдірді.

Көмекке мұқтаж балаларға өз қамқорлығын көрсету «ҚазТрансГаз» АҚ үшін дәстүрге айналды. Жыл сайын кәсіподақ қаражатының және компания қызметкерлерінің жеке қайырымдылық жасауы есебінен әлеуметтік жағынан осал отбасыларына, жетім балаларға және балалар үйлеріне қаржылай және атаулы қолдау көрсетіліп отырады. Дамытушы кітаптар мен ойындар, шығармашылыққа арналған жинақтар, сондай-ақ спорттық керек-жарақтар сатып алынуда.

 

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.

ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в

ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля

ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО

ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью

ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте

ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии

ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение

ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области

ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков

ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше

ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих

ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения

ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре

ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в

ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте

ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»

ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля

ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта

ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске

ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино

ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице

ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию

ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования

ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду

ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий

ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области

ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО

ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве

ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе