26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚМГ БӨ 2015 жылғы күрделі салымдарды 30 млрд. теңгеге қысқартқан

2 сәуір 2015 Қаралым: 1 044

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізіп онда 2015 жылға арналған бюджетке енгізілетін өзгерістерді бекіткені туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Директорлар кеңесі 2015 жылға арналған бюджетті қайта қарап, Брент маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 50 АҚШ долларын құрайды деген есеппен бекіткен.

ҚМГ БӨ мәліметінше, 2015 жылы күрделі салымдар 84 млрд. теңге немесе 457 млн. АҚШ доллары көлемінде жоспарланған, бұл 2014 жылдың желтоқсан айында бекітілген күрделі салымдар жоспарына қарағанда 30 млрд. теңгеге немесе 164 млн. АҚШ долларына кем. Сонымен қатар, бұл 2014 жылғы күрделі салымдармен салыстырғанда 34% кем.

«Бұған дейін бекітілген жоспарға қарағанда инвестиция көлемін азайту эксплуатациялық бұрғылау ұңғымаларының санын 257-ден 179-ға дейін қысқартып, өндіріске тікелей әсер етпейтін ұзақ мерзімді жоспарларды кейінге шегеру арқылы іске асырылады», — делінген хабарламада.