ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды
Астанада«ҚазМұнайГаз «Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) директорлар кеңесінің кезектен тыс жиналысы өтті, — деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Жиналыс барысында ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы және ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің тағайындаулар жөніндегі комитетінің төрағасы болып «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (ҚМГ ҰК) басқарма төрағасының бірінші орынбасары Кристофер Саймон Хопкинсон сайланды.
ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің өкілеттігі 2015 жылдың 13-ші сәуірінде аяқталады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, К. Хопкинсонмұнай-газ саласында 1980 жылдан бері жұмыс істейді.ҚМГ ҰК-ға дейінInternational Petroleum компаниясының бас директоры, Imperial Energy компаниясының бас директоры және BG тобында Солтүстік Африкадағы активтер бойынша вице-президент қызметтерін атқарған. Оған дейін Shell және TNK-BP компанияларында түрлі қызметтерде болған. Сэнт-Эндрюс университетінде физика мамандығы бойынша білім алған.
ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі 2013 жылы 12,4 млн. тонна мұнайды құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 200 млн. тоннаны құрайды.