29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қорғаныс министрлігі Астанада өтетін авиашоу құпиясымен бөлісті

3 мамыр 2017 Қаралым: 2 703 Қоғам,  Көлік
МО РК
Фото: МО РК

Алматы. 3 мамыр. Ақпараттар орталығы. Елордада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған Әскери парадтың әуе бөлігінің жаттығуы өтуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Әскери парадтың әуе бөлігін көк аспанда еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің 70-тен аса бірлік авиациялық техникасы паш етеді. Әуе бөлігі ниетінің негізгі элементтері әзірше құпия болып қалуда.

Министрлікте атап өткендей, 7 мамырда өтетін авиашоу өзінің көрсеткіштері бойынша бұдан бұрын өткізілгендердің арасында ең айрықша және есте қаларлық болмақ.

"Аспанда Ми-8, Ми-17, Ми-26, Ми-35, Ми-171Ш, ЕС-145, Ту-134, Ту-154, Ан-26, Ан-72, С-295 әскери-көлік авиациясы мен Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 майдандық авиациясының ұшақтары пайда болады", — делінген хабарда.

Ақпарға сәйкес, биылғы әскери парадта  армияның жауынгерлік қуаты, Қарулы Күштердің техникалық тұрғыда жабдықталуы, қазақстандық армияның жауынгерлік арсеналын толықтырған отандық және шетел өндірісінің қару-жарағы мен әскери техникасының заманауи үлгілері көрсетіледі.

​

​

​​

Тағы оқыңыз