26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР-да дәстүрлі емес діни ағымдардың 15-тен астам ізбасары бар

25 қараша 2016 Қаралым: 2 462 Дін,  Қоғам
ҚР-да дәстүрлі емес діни ағымдардың 15-тен астам ізбасары бар

Алматы. 25 қараша. Ақпараттар орталығы. Ресми статистикаға сәйкес Қазақстанда дәстүрлі емес діни ағымдардың 15-тен астам ізбасары бар. Бұл туралы ҚР премьер-министр орынбасарының Хатшылығы хабарлайды.   

«Дерадикализация – бұл мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың бірігіп, барынша күш салып жұмыс жасайтын саласы. Бүгінде тек 22 қоғамдық ұйым дін саласында кеңес беру және оңалту көмегін көрсетумен айналысады. Бұл жалпы ҮЕҰ санының 0,12 пайызы ғана. Ал, ресми статистика мәліметі бойынша елде 15 мыңға жуық адам діни жат ағымдарды қолдайды", — деді ҚР вице-премьері Иманғали Тасмағамбетов Астанада өтіп жатқан VII Азаматтық форум барысында.

 Ол тек төрт облыста ғана, олар Астана, Көкшетау, Қарағанды, Таразда екіден көп орталық жұмыс жасайтынын атап өтті, Петропавлда бірде-бір оңалту орталығы жоқ. Оңтүстік Қазақстан облысында үш мыңға жуық тыйым салынған діни ағымдардың ізбасарлары бар. Алайда, аталған облыста тек бір ғана «Нұр-Мұра» ҚБ  үкіметтік емес ұйымы  дін саласында кеңес беру және оңалту мәселесімен айналысады.  

Тағы оқыңыз