26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР-да Риодағы Олимпиадада қазақстандық спортшыларды қолдау акциясы басталды

3 тамыз 2016 Қаралым: 2 630
ҚР-да Риодағы Олимпиадада қазақстандық спортшыларды қолдау акциясы басталды

Алматы. 3 тамыз. Ақпараттар орталығы. Қазақстанда Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары барысында қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында «Біздікілерге жанкүйер бол – спортқа жақында» акциясы басталды, деп мәлім етті ҚР МСМ спорт  және дене шынықтыру істері комитеті  төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев.   

 

Оның айтуынша, Рио-де-Жанейродағы XХXI Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық құрама 104  адамнан тұрады. Олар спорттың  26 түрінен бақтарын сынайды. 

  «Біздікілерге жанкүйер бол –спортқа жақында» акциясы жанкүйерлердің өз спортшыларын қолдауға, олардың өнерлерін бақылауға арналған. Акцияның бағыттарының бірі құрама команда құрамымен, олардың өнер көрсететін кестесімен, біздің телеарналардан көрсетілетін ойындардың күнделікті бағдарламасымен  танысу, мұның барлығын қалаларда орналастырылған ақпараттық бағаналардан көруге болады», – деді С.Жарасбаев республикалық «Сарыағаш» велотрекіндегі баспасөз мәслихатында. 

Ол хабарлағандай, Астананың темір жолы мен сауда-ойын-сауық орталықтарында Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының телеарналардан көрсетілетін уақыттары жазылған буклеттер, қазақстандық спортшылар қатысатын бағдарламалар, сондай-ақ қала аумағында өткізілетін спорттық шаралар туралы ақпараттар орналастырылған.   

Кері байланысты орнату үшін «спортқа жақында»  хештегі ұйымдастырылған, оған кез келген адам кіріп, түсініктемелер мен ұсыныстарын қалдыра алады.