26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР-да соңғы 11 жылда әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 50 есе артты

2 мамыр 2016 Қаралым: 1 793
ҚР-да соңғы 11 жылда әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 50 есе артты

Алматы. 3 мамыр. Ақпараттар орталығы. Соңғы 11 жылда жұмысқа қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылған жағдайда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік жәрдемақысын алушылар саны 50 еседен астам өсті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
 

Хабарланғандай, 2005-2015 жылдар аралығында МӘСҚ-дан жұмысқа қабілеттілігінен айырылу жағдайына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 1 мың 302 адамнан 69 мың 951 адамға дейін ұлғайып, 53,7 есеге өсті.
 

Асыраушысынан айырылу жағдайына қарай жәрдемақы алатын адамдар саны 549-дан 31 135 адамға дейін 56,7 есеге өсті, жұмысынан айырылған жағдайда жәрдемақы алушылар 3258 есеге ұлғайды, 8 мыңнан 26 мың 70 мың адамға дейін.
 

2008 жылдан бастап жүктілік пен босануға байланысты, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға, 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты МӘСҚ жәрдемақылары тағайындалып келеді. 8 жылдың ішінде жүктілік пен босануға, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуға төленетін жәрдемақыны алушылар саны 1,9 есеге өсіп, 2015 жылы 173,2 адамды құрады (2005 жылы – 89,3 мың адам), 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылуға берілетін жәрдемақы алушы азаматтар саны – 2,4 есеге (83 мың 600-ден 201 мың 294 адамға дейін) ұлғайды.
 

Баспасөз қызметінен аталып өткендей, Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың қосымша формасы ретінде енгізілген. ҚР ДСӘДМ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік қатерге тап болған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы мен төлемақылар тағайындайды.