26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР ИДМ Ресей арқылы Украинадан тауар жеткізуді ұсынып отыр

23 июня 2016 Просмотры: 1 104
ҚР ИДМ Ресей арқылы Украинадан тауар жеткізуді ұсынып отыр
Алматы. 24 маусым. Ақпараттар орталығы. Қазақстан 2016 жылғы 1 шілдеден бастап Украинадан Қазақстанға халықаралық тасымал жасаушы тасымалдаушыларға балама маршруттарды пайдалануды ұсынады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Келесі бағыттар ұсынылады:

- Грузия, Әзірбайжан және Каспий арқылы Ақтауға дейін

- Туркия, Иран, Түркіменстан және Өзбекстан арқылы.

" Бүгінгі күнге Ақтау портының паромдық кешені арқылы ай сайын 500 вагон мен 1000 жүк мәшинелері өңделіп сұрыпталады.
Күтіліп отырған қосымша көлемдерді ескере отырып, Ақтау порты Украинадан келетін қосымша жүктерді де түсіріп-тиеуге мүмкіндігі жеткілікті",- делінген хабарда.

Анықтама: РФ Президентінің 2016 жылғы 1 қаңтардағы «Украина аумағынанан ҚР аумағына РФ аумағы арқылы халықаралық транзиттік тасымал жасағанда РФ-ның экономикалық қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету шаралары туралы»
Жарлығына сәйкес және Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған Еркін сауда аумағы туралы келісім күшінің тоқтатылуына сәйкес.