26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР-на ЕАЭО елдерінен білікті емес жұмысшылардың ағымы болжанбайды

8 января 2015 Просмотры: 1 128

Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы Келісім күшіне енуіне байланысты 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап оған мүше мемлекеттерден білікті емес жұмыс күшінің шұғыл ағымы күтілмейді, деп хабарлады бейсенбіде ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова.

«Бүгінгі таңда өткен жылы шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 63 мың адам деңгейінде айқындалды. Біздің болжамымызға сүйенсек, 2015 жылы бұл елдерден жұмыс күшінің ағылуы жоғарыда аталған көрсеткіш деңгейінде болады», — деп айтты С.Жақыпова.

2014 жылы Қазақстанға рұқсаттар бойынша 29 мың еңбек мигранты, оның ішінде 8 мыңға жуығы Ресей Федерациясының азаматы жұмысқа келген.

Ол ДСӘДМ Білім және ғылым министрлігімен, Инвестиция және даму министрлігімен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастықта сәйкес жұмыс жүргізіп келе жатқанын айтты.

Оның айтуынша, кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларының тандемін нығайтатын келесі қадам — біліктіліктің ұлттық жүйесі. Бүгінгі таңда сәйкес білім беру стандарттары Ресей Федерациясы мен Беларусьтің еңбек нарығындағы стандарттармен үйлестірілген.

«Сондай-ақ, бізде білікті жұмыс күшін сақтау мәселесі туындады. Бұл негізінен кәсіпорындардағы басшылардың жауапкершілігі. Қазақстандық мамандарды ұстап қалу үшін жағдай жасау керек, бірінші орында ол — әлеуметтік пакет», — деді С.Жақыпова.