29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР Қорғаныс министрі шақырылым барысын тексерді

4 сәуір 2017 Қаралым: 2 196 Қоғам
МО РК
Фото: МО РК

Алматы. 4 сәуір. Ақпараттар орталығы. ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник СәкенЖасұзақов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен барды. Онда ол Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жиын пунктінде 2017 жылғы көктемгі шақырылым барысын тексерді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. 

Жұмыс барысында Қорғаныс министрі шақырылушылармен, олардың ата-аналарымен әңгімелесті. Медициналық тексеру, психологиялық тестілеу үдерісімен танысып, сондай-ақ, шақырылымның сапасы мен ұйымдастырылуын тексерді.

"Тексеру қорытындысы бойынша ведомство басшысы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды әрі қарай сапалы іріктеуге қатысты ОҚО ҚІЖД басшылығына бірқатар нақты тапсырмалар берді", — делінген хабарда.

Хабарда айтылғандай, қазіргі уақытта облыстық жиын пунктінен Шымкент қаласына ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне бірнеше команда жіберілген.

Тағы оқыңыз