26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР Қорғаныс министрлігі оқу орнына түсе алмағандардың барлығын оқытуға уәде берді

7 сәуір 2016 Қаралым: 1 928
ҚР Қорғаныс министрлігі оқу орнына түсе алмағандардың барлығын оқытуға уәде берді
Алматы. 8 сәуір. Ақпараттар орталығы. Еліміздің барлық әскери оқу орындарында оқуға түсу кезіндегі талаптар өзгертілген, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Еліміздің қорғаныс ведомствосы қазақстандық талапкерлерге әскери оқу орнына түсушарттарын жеңілдету керек деп шешті.

Сонымен, қазақстандық жоғары оқуға түсу үшін қажет шекті балдан төмен балл жинаған барлық мектеп бітірушілері Ш.Уалиханов атындағы ҚР ҚМ кадеттік корпусына оқуға құжат тапсыра алады. Кадет корпусына түсу үшін өтпелі балл – 30 балды құрайды. Кадет корпусына түсу үшін өтпелі балл – 30 балды құрайды.

«Бұл ҰБТ-да 50-ден төмен балл жинаған бозбалалар медициналық куәландырудан өтіп, дене даярлығы бойынша нормативтерді, психологиялық тестілеуді ойдағыдай тапсырса Кадет корпусына түсуге мүмкіндік алады. Нәтижесінде мамандық алып шығып, сәйкесінше Кадет корпусын тәмамдағаннан кейін 100 пайыз жұмысқа орналастырылады», - деді ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің бастығы Айгүл Түлембаева.

Алайда оның айтуынша, оқуға түсушінің денсаулығында кінәрат болмауы, моральдық және психологиялық тұрғыда тұрақты болуы тиіс

Қабылдау кезінде олар Кадет корпусының аумағында орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етіледі.

Баспасөз қызметінен еске сала кеткендей, оқуды аяқтағаннан кейін кадеттер «Әскери басқарудың кіші маманы (менеджер)» біліктілігі, сондай-ақ «3-сыныпты ЖӘЖМ-нің механик-жүргізушісі» және «В», «С» санаттағы автомобиль жүргізушісі куәлігі беріле отырып, «Әскери басқару» мамандығы бойынша диплом алады.