26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚР Ұлттық банкі республикада инфляция қарқынының төмендеуі туралы хабарлайды

19 мамыр 2016 Қаралым: 1 755
ҚР Ұлттық банкі республикада инфляция қарқынының төмендеуі туралы хабарлайды

Алматы. 19 мамыр. Ақпараттар орталығы. 2015 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанда инфляциялық қысымның төмендеуі байқалып келеді. Қазіргі таңда елдегі инфляция көп жылғы әдеттегі трендке сай келеді, деп санайды ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов.
 

«Ұлттық банк инфляция үдерісінің бәсеңдеуін болжап отыр. Біз жылдық инфляция деңгейі 2016 жылдың соңына қарай мақсатты бағдарға жақындайды деп санаймыз», - деді А. Ахметов.
 

Оның айтуынша, инфляция бойынша қысқа мерзімді мақсатқа қол жеткізу үшін Ұлттық банк ақша нарығында пайыздық саясат құралдарын жетілдіру жұмыстарын жалғастырады, ол банктердің, кәсіпорындар мен халықтың инфляцияның болжалды деңгейі бойынша үміттеріне тиімді ықпал етуге мүмкіндік береді.

Шаралар пайыздық саясатты күшейтуге бағытталады, және, сәйкесінше, Ұлттық банктің ақша нарығындағы нарық мөлшерлемесіне ықпалының артуына бағытталады. 

ҚР ҰБ баспасөз қызметінде еске салғандай, 2016 жылдың 2 ақпанынан бастап Ұлттық банк пайыздық пункттердің +/-2 ауытқушылықтары шегінде 17% деңгейде белгілеп, базалық мөлшерлеме белгілеу тәжірибесін жаңартты. 14 наурызда 2016 жылы базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды.
 

Инфляциялық таргеттеу саясатын жүзеге асыру аясында орташа мерзімді кезеңде Ұлттық банк инфляция бойынша келесі мақсатты бағдарларды белгілейді: 2016-17 жылдары – 6-8%, 2018 жылы – 5-7%. Ол 2020 жылға қарай 3-4% дейін төмендейтін болады.