26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ҚТЖ «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызыныңжүру жиілігін арттырмақ

22 қаңтар 2015 Қаралым: 1 165

«Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыз қозғалысы соңғы үш жылда ашылған сегіз бағдарға қатынайды, — деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Алғашқы жүрдек пойыз 2002 жылы Астана-Алматы мен Алматы-Шымкент бағдарына сапарға шықты. Қазіргі таңда қазақстандықтар «Тұлпар-Тальгомен» Алматы-Петропавл, Астана-Ақтөбе, Астана-Атырау, Алматы-Атырау, Алматы-Ақтөбе, Алматы-Өскемен, Астана-Өскемен, Астана-Қызылорда бағдарларына шығады.

Жүрдек пойыздар қазақстандықтардың сұранысы арта түскен. Ол пойыздар бұрынғы қарапайым пойыздарға қарағанда 1,5-2 есе қысқа мерзімде соңғы нүктеге жетеді. Өткен жылы миллионнан астам жолаушы «Тұлпар-Тальгомен» сапарлады

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылы «Тұлпар-Тальго» Астана-Қызылорда, Алматы-Ақтөбе, Алматы-Өскемен, Астана-Өскемен бағдарларына қатынайтын пойыздардың жүру жиілігін арттырмақ ойда.