Қ.Тоқаев Қарағанды облысындағы полиметалл кен байыту фабрикасын іске қосу рәсіміне қатысты
20 Октября 2021
12493
Политика
Фото:Хабар 24
Алматы. 20 қазан. Ақпараттар орталығы - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір режимінде Қарағанды облысының Жәйрем кентінде жаңадан ашылған кен байыту кешенінің жұмысын ресми түрде іске қосты, дел хабарлайды Хабар 24.
Кен байыту фабрикасының құрылысында 2500-ге жуық адам жұмыс істеді. Жәйрем кенті үшін жаңа жобаның іске қосылуы жаңа өмір мен дамудың зор келешегіне жол ашады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кен байыту кешені Қазақстанда мырыш пен қорғасын концентраттарын шығаратын ең ірі кәсіпорын болады. Өндірісте 400 адам жұмыспен қамтылады.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысына аймақ үшін аталған жобаның маңызы зор екенін айтты. Жаңа фабрика шығарылатын өнім түрлері көбейеді және өндіріс көлемі 2,5 есе артып, 5 миллион тоннаға дейін жетеді. Сондай-ақ өңделген өнімнің экспорты ұлғайып, салық түсімі 1,5 миллиард теңгеге көбейеді. Жоба басталғалы бері инвесторға барынша қолдау көрсетілді. Жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесінде коронавирус індетіне қарамастан, жоба белгіленген мерзім ішінде аяқталды.
Президентке қазіргі таңда Қарағанды облысында 2 триллион теңгеден асатын қаражатқа 50 ірі инвестициялық жоба іске асырылып отырғаны жөнінде баяндалды. Биыл 14 жоба іске қосылып, аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындарының инфрақұрылымына тартылатын инвестиция көлемі 230 миллиард теңгені құрайды.
«Қазмырыш» ЖШС бас директоры Александр Хмелев Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабриканың құрылысы 3 жылда аяқталғанын және коронавирус індеті жүктелген міндетті іске асыруға кедергі болмағанын айтты. Оның пікірінше, байыту фабрикасының іске қосылуы Жәйремді ғана емес, тұтастай Қарағанды облысын дамытудың жаңа кезеңі болмақ. Мұнда жылына 5 миллион тонна кен өңделеді. Бұл кәсіпорынның кемінде 15 жыл жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Қазмырыш» компаниясы кенттің дамуына 5 миллиард теңгеге жуық қаражат құйды. Жергілікті ауруханаға заманауи жабдықтар сатып алынып, құзыреттерді дамыту орталығы құрылды және коммуналдық саланы жаңғырту мен дамытуға жыл сайын қаржы бөлінеді.
Жәйремдегі кен байыту кешенінің цех басшысы Еркін Шайхин
Мемлекет басшысына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, кенттің жанданғанын
және ондағы оң өзгерістер туралы, сондай-ақ жаңа фабриканың іске қосылуынан
жергілікті тұрғындар зор үміт күтетінін айтты. Іс-шара соңында Президент
кәсіпорынның еңбек ұжымына және осы ірі жобаны іске асыруға атсалысқан барша
азаматтарға ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




