29 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Құрылыс және өңдеу өнеркәсібі Қазақстан экономикасы өсімінің басты қозғаушы күшіне айналды

20 желтоқсан 2016 Қаралым: 3 054 Экономика,  Бизнес,  Құқық
Құрылыс және өңдеу өнеркәсібі Қазақстан экономикасы өсімінің басты қозғаушы күшіне айналды

Алматы. 20 желтоқсан. Ақпараттар орталығы. Құрылыс, АӨК, көлік және өңдеу өнеркәсібі Қазақстан экономикасы өсімінің басты қозғаушы күшіне айналды, деп мәлім етті Қазақстанның 2016 жылғы 11 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы қарастырылған үкімет отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.   
 ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев биыл қаңтар-қараша айларында экономика өсімінің 0,8% дейін жылдамдауы байқалғанын атап өтті, бұл қаңтар-қазан айларындағымен салыстырғанда 0,2 пайыздық пунктке жоғары. Тауарлар өндірісінің өсімі - 0,9%, қызметтер өсімі – 0,6%, өнімдерге салық – 2,4% құрады.
Құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және өңдеу өнеркәсібі экономика өсімінің басты қозғаушы күшіне айналды.
Өнеркәсіпте оң беталыстар байқалады, оның өсімінің негізгі көздері өңдеу өнеркәсібіндегі өсімнің озық қарқыны болды, ол тау-кен өнеркәсібіндегімен салыстырғанда жоғары.
«Өнеркәсіпте оң беталыстар байқалады, оның өсімінің негізгі көздері өңдеу өнеркәсібіндегі өсімнің озық қарқыны болды, ол тау-кен өнеркәсібіндегімен салыстырғанда жоғары»,- деп атап өтті ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен. 
Сондай-ақ, ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев экономикалық өсімнің оң қарқынын ұстап тұрудың басты шарттарының бірі инвестициялық белсенділікті арттыру болып табылатынын атап өтті. Биылғы 11 ай ішінде инвестициялар көлемі 4,7%, 6 трлн теңгеге дейін өсті. Өсімге «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және ИИДМБ, дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясындағы индустриалдық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру ықпал етті.
Сонымен қатар, жыл басынан бері тікелей шетелдік инвестициялардың оң динамикасын атап өткен жөн. Мәселен, қаңтар-қыркүйек айларында тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағымы 12,1 млрд долларды құрады, бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 4,4 есеге жоғары.
 


​

Тағы оқыңыз