26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қырғызстан ЕАЭО қосылуға дайын

4 ақпан 2015 Қаралым: 1 218

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) форматындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның алғашқы отырысыөтті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің сайты.

Комиссия Кеңесінің отырысының күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы үшін Хаттама жобаларын дайындау болды.

«Біз өзара келісімге келдік, жалпы алғанда, Қырғызстанның қосылуы туралы Хаттама жобалары дайын», — деді кеңеске қатысқан ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, ЕАЭО мүшелерінің саны артуы экономикалық кеңістіктің аумағын ұлғайтып қана қоймай, интеграциялық одаққа қызығушылықты арттырып, оған мүше мемлекеттердің экономикасының дамуына тұрақтылық сыйлайды. Оған Одақтың өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік байланыстарын тереңдету, көлік-логистикалық, транзиттік әлеуетін дамыту негіз болмақ.