Қытайда жер сілкінісінен 8 адам қаза болды
Алматы. 11 мамыр. Ақпараттар орталығы. Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен 8 адам қаза болды, деп хабарлады Синьхуа агенттігінен.
Қытай сейсмоорталық мәліметтерінше, магнитудасы 5,5 балл болатын жер сілкінісі бейсенбі күні жергілікті уақытпен таңғы 6-да Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданның Кашгар округындағы Ташкурган-Тәжік автономиялық уезде болды. Жер дүмпуінің ошағы 8 км тереңдікте орналасты.
Жер сілкінісінің нәтижесінде 8 адам қаза болды.
Ал Reuters агенттігі болса, 11 адам зардап шеккені туралы хабарлады. Сондай-ақ жекелеген үйлердің қабырғалары жарылып құлап қалғаны туралы айтылады. Адам шығындары туралы хабарлар келіп түсіп жатыр.
Дереккөз: Синьхуа


