26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қытайдың Ляньюньган қаласынан Алматыға қатынайтын тұрақты пойызы іске қосылды

25 ақпан 2015 Қаралым: 1 272

2015 жылдың 25 ақпанында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин бастаған делегациясы «Ляньюньган-Алматы» тұрақты контейнерлік пойызы шығарып салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметі.

Ляньюньган қаласының портындағы Қазақстан-Қытай бірлескен терминалы ҚР президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен ашылған болатын. Терминал Қазақстанның темір жол көлігі арқылы транзиттік және экспорттық-импорттық мүмкіндігін дамытады. Ол Оңтүстік-Шығыс Азия мен Азия-Тынық мұхиты аймағы елдеріне шығатын қысқа бағдарлар арқылы Орта Азия елдерін, Парсы шығанағы, Ресей, Кавказ аймағы және Еуропамен жалғайды.

2014 жылы 19 мамырда жұмысын бастаған терминалдан бүгінге дейін 65 мың контейнер өңдеуден өткізілген. Биылғы жылы 250 мың контейнерін өңдеуден өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ляньюньган теңіз порты жылына 210 миллион тонна жүк өткізетін әлемнің 20 ірі порттарының қатарына жатады.