26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қытайлықтар қазақстандық тауар өндірушілерді инвестициялауға дайын

14 қаңтар 2015 Қаралым: 1 170

Бұл туралы Астанадағы болған брифингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

Ұлттық палата төрағасы Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭО) күтілетін мәселелерді сөз етіп, «ЕАЭО туралы Шарт – бұл Кедендік Одақтың қисынды жалғасы, 2011 жылы басталған жұмыстың соңы» екенін айтты.

«Қазақстан үшін бастысы – бұл өткізу нарықтарына қол жеткізу. Әрине, бұл оңай мәселе емес. Егер РФ-мен негізгі тауар айналымы төмендесе, онда, құбыр, трансформаторлар,құрылыс материалдары, мұнай химиясы өнімдері сияқты жекелеген өнімдерді алар болсақ, біздің еліміз алғаш рет экспортқа шығу мүмкіндігін алып отыр», — дедә ол.

Мысалы, Кентау трансформатор зауыты Оралда филиалын ашқан, себебі РФ-ға трансформатор жеткізу үшін аса зор нарықты байқап отыр. Кондитерлік фабрикалар да Ресейге өз өнімдерін табыспен жеткізеді екен.

Сонымен қатар, А. Мырзахметов Қазақстан мен ЕАЭО экономикасына жалпы Қытайдың да үлкен қызығушылық танытып отырғанын хабарлады. Оның айтуынша, жақында ҰКП-да Қытайдың Сыртқы сауда банкінің өкілдері болған. Олар қазақстандық тауар өндірушілерді инвестициялауға дайын, себебі, олардың айтуынша, Қазақстанда қазір жағымды инвестициялық климат байқалуда.

Бизнесменнің айтуынша, Қытаймен ынтымақтастық орнатқан жағдайда Қазақстан үшін шикізаттық емес сектордың дамығаны маңызды, және де бұл жағдайда біздің еліміз инвестиция тартудың жекелеген тұстарын талқылауға дайын.