26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Қызылорда қаласында жаңа өрт автокөліктерін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті

21 желтоқсан 2014 Қаралым: 1 201

2014 жылдың 18 желтоқсанында салтанатты түрде жаңа өрт автокөліктерін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжәне АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі.

Республикалық бюджет есебінен бөлінген АЦ – 8 – 70 Камаз – 43118-10, L – 32 автосаты Камаз – 53605 және ИПЛ Газ – 27057 – 0244 үш жаңа өрт автокөліктерінің кілттері №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне табысталды. Өрт автокөліктерінің кілттерін тапсыру кезінде жеке құрамның жетістіктері туралы айтылды.

Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Ә.Көкеев қорытынды сөзінде, алдағы жылы облыстық мемлекеттік даму бағдарламасы бойынша Арал ауданына өрт сөндіру депосының құрылысы басталатынын қуанышпен жеткізді.