Қызылордада 4-ші қабаттағы пәтердің терезесінен бір ер азамат шатырға құлады
2014 жылдың желтоқсан айының 10-ы күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінен ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшісіне Қызылорда қаласының Айтбаев көшесінде орналасқан 33 үйдің 4-ші қабаттағы пәтердің терезесінен бір ер азамат құлап кеткені жөнінде хабар түсті, деп хабарлайды «ОӨАЖҚЖ» ММ.
Жасақ құтқарушылары тез арада оқиға орнына жетіп, анықтау барысында зардап шегуші мас күйінде терезе алдында темекі тартып отырып, тепе-теңдігін жоғалтып, төмендегі қосымша салынған құрылыс «Адат» фирмасының шатырына құлап, аяғын сындырып алғандығы анықталды.
Құтқарушылар зардап шегушіге алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсетіп, қосалқы құрылыстың шатырынан түсіріп, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.