Қызылордада ойыншық тапаншамен дүкен тонаған адам қолға түсті
11 Сентября 2020
1384
Криминал
Алматы. 11 қыркүйек. Ақпараттар орталығы -Қызылорда қаласында ойыншық тапаншамен дүкен тонаған азамат қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл оқиға 9 қыркүйекте сағат 19.00 шамасында тіркелді. Сол уақытта Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 42 жастағы тұрғынынан хабарлама түсті. Облыс орталығындағы дүкеннің бірінде сатушы болып жұмыс істейтін ол өзін белгісіз жас жігіттің тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, дүкеннен арақ-шарап пен сусын алып кеткенін хабарлаған. Сәлден кейін соған ұқсас тағы бір хабарлама келіп түсті. Онда белгісіз азаматтың кассадағы барлық ақшаны беруін талап етеді. Дегенмен сатушы әйел оған қарсы әрекет етеді. Кассаны кілтпен жауып, дүкенде бейнебақылау бар екенін айтады. Дүкенде күйеуі жүргенін жеткізеді. Сол уақытта күдікті дереу қашып кетеді. Жәбірленушілерден тонаушының бет әлпетінің сипаттамасын алған тәртіп сақшылары барлық полиция экипажына бағыт-бағдар берді. Полицейлер тарапынан жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол бұрын сотталған азамат болып шықты. «Одан айғақты заттар тәркіленді. Олардың ішінде ойыншық тапанша да бар. Тексеру барысында күдікті азаматтың екі тонау дерегіне қатысы бар екені анықталды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану қатерін төндіріп жасаған тонау жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Мондай-ақ, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында құм арасынан 2 есірткі алқабы табылды.
ru Займы под 120% годовых: дело о незаконном кредитовании передано в
ru Выставка тепличных технологий Grow Expo Astana 2026 пройдет 8-10 апреля
ru Жаркентская мечеть включена в предварительный список Всемирного наследия ЮНЕСКО
ru В Минтруда обсудили новые механизмы трудоустройства лиц с инвалидностью
ru Схема обмана студентов через соцсети раскрыта в Шымкенте
ru В Акорде состоялась церемония встречи Президента Сербии
ru Мобильный ЦОН: сколько услуг казахстанцы получают через приложение
ru Подростки с особыми потребностями осваивают профессию кондитера в Карагандинской области
ru КНБ ликвидировал канал контрабанды наркотиков
ru Охлажденное мясо птицы можно будет хранить в 3 раза дольше
ru Солдат Национальной гвардии разработал цифровой портал для военнослужащих
ru Учащиеся 0-9 классов второй смены переведены на дистанционный формат обучения
ru Пенсионерка едва не лишилась более 2 млн тенге в Павлодаре
ru Строительство нового завода Coca-Cola Içecek в Актобе планируется начать в
ru Один из крупнейших бизнесменов Польши построит фармзавод в Шымкенте
ru Стартует прием заявок на премию Президента Республики Казахстан «Алтын Сапа»
ru Президент Сербии Александр Вучич посетит Астану 26-27 февраля
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Эмиру Кувейта
ru МТСЗН РК опровергло фейк о ежегодном отпуске
ru В Алматы открылась юбилейная выставка о мастерах кино
ru В Астане вынесен приговор интернет-мошеннице
ru Олжас Бектенов о выделении 1 трлн тенге на посевную кампанию
ru Олжас Бектенов поручил упростить и оцифровать процедуру льготного кредитного финансирования
ru В Казахстане продолжается подготовка к паводковому периоду
ru В Алматы продолжают расширять фонд студенческих общежитий
ru Почти 3000 га сельхозземель возвращены в госсобственность в Туркестанской области
ru Марихуана в особо крупном размере изъята в ВКО
ru Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»
ru Из Турции экстрадирован подозреваемый в серийном мошенничестве
ru Спасатели МЧС оказали помощь 13 гражданам, оказавшимся в снежном заносе

+77772555856
Написать нам




