Қызылордада қырым-қанды безгенінен ер азамат қайтыс болды
Алматы. 26 сәуір. Ақпараттар орталығы. Қызылордада қырым-қанды безгегінен ер азамат қайтыс болды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған ҚазТАГ.
«1971 жылғы Қызылорда тұрғыны облыстық инфекциялық ауруханада жұқпалы конго-қырым қанды безгегінен қайтыс болды. Ол ауруды табиғатта иксодалық кенелер таратады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Қызылорда жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мухамбетованың айтуынша, КҚҚБ күдікті диагнозды дәрігерлер бірден қойды, тексеру жүргізілді, бәрақ «осы жағдайда ауру тез асқынып кетті».
Қызылорда облыстық ветеринария басқармасынан ол ер азаматтың мал шаруашылығымен айналысқанын айтады.
«Ол кез келген малдан кене жұқтыруы мүмкін, тіпті сол маңнан да кене оны шағуы мүмкін», - деді ветеринария басқармасының бастығы Ерсултан Апетов.
Облыстық ветеринарлық бас дәрігерінің айтуынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданында КҚҚБ тұрғысынан қолайсыз 28 елді мекен бар, ол жерде ауыл қораларын, жайылымдарды, малдарды кенеге қарсы үнемі өңдеп отырады. Жалпы алғанда арал өңірінде Конго-қырым қанды безгегі бойынша 117 қауіпті ауыл бар.
Дереккөз: КазТАГ


