26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Ресейдің Астрахань облысында қазақ тілінің танымалдылығы артуда

22 ақпан 2016 Қаралым: 1 805

Алматы. 22 ақпан. Ақпараттар орталығы. Қазақстанмен шекаралас Ресей өңірлерінде қазақ тілінің танымалдылығы артуда.

Астрахань облысында қазақ ұлттық қауымы ең үлкен болып саналады, оның құрамында 150 мыңға жуық адам бар және олар осы жексенбіде Халықаралық ұлттық тіл күнін атап өтті, деп хабарлады astrakhan-24.ru. Көп ұлтты Астрахань облысында бұл мерекені жүзден аса ұлттық қауымдастық өздерінің мерекесі деп санайды.
Хабарда айтылғандай, көптеген ұлт өкілдері орыс тілінде сөйлесіп, туған тілдерін ұмыта бастаған. Бұған мектептегі білім де септігін тигізіп отыр: мәселен бұған дейін ұлттық тілде білім берген 72 мектептің 30-ы ғана өз кестелерінде қазақ тілін сақтап қалған.
Десек те ұлттық мәдениетке деген қызығушылық қайта жандана бастады. «Жолдастық» қазақ мәдениеті қоғамында қазақ тілінің курсын ашуды сұраушылар жиілеуде. Жергілікті оқу орындарында қазақ тілін меңгеру бойынша курстар мен факультативтер ашылып жатыр. Хабарда айтылғандай, қазақ тіліне қазақтардың өздері ғана емес басқа ұлт өкілдері де қызығушылық танытуда. Оқу орындары арасындағы байланыстар да дамуда. Мәселен, Астрахань мемлекеттік техникалық университетінде 650 қазақстандық студент оқып жатыр. Бұл басшылардың айтуынша, екі ел университтерінің арасындағы интеграцияны нығайту туралы айтуға және ең бастысы, студенттерді басқа ұлттардың мәдениетін үйренуге уәждеуге мүмкіндік береді.