Сапарбаев СНПС-Ақтөбемұнайгазға газ өндірісін арттыруды ұсынды
Алматы. 31 наурыз. Ақпараттар орталығы. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға газ өндірісін арттыру арқылы мұнай өндірісін төмендетуден орын алған шығының орнын толтыруды ұсынды.
«Ақтөбе Ақпарат» хабарлағандай, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев СНПС компаниясының жоғары шенді өкілі - СНПС Exploration and Development Company LTD бас директорының орынбасары Ван Чжунцай мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ағымдағы жылдың екі айының қорытындысы бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мұнайдың әлемдік бағасына байланысты мұнай өндірісі көлемінің аздап төмендеуіне жол берген.
Әкімнің пікірінше, шығынның орнын газ өндірісін, оны қайта өңдеуді және сатуды арттыру арқылы толтыруға болады.
Мұнай компаниясының өкілдері хабарлағандай, үшінші Жаңа жол газ өңдеуші зауыттың үшінші кезегін енгізу 2016 жылдың маусым айының аяғына жоспарланған. Алайда аталмыш өндіріс мамыр айында да іске қосылуы мүмкін.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Ақтөбе облысындағы ең ірі мұнай өңдеуші компания болып табылады. Оның үлесіне өңірде өндірілген мұнай мен газдың сәйкесінше 67% және 88% тиесілі. 2015 жылы компания 4,5 млн тоннадан астам мұнай өндірді. Кәсіпорын 6 300-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Хабарда айтылғандай, Ван Чжунцай әлемдік шикізат нарығындағы жағдайға қарамастан «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының жұмыс орындарын қысқартпайтынын және жұмысшылары алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындауға ниетті екенін мәлім етті.