Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында күн күркіреп, өтпелі жауын жауады
Алматы. 21 маусым. Ақпараттар орталығы. Сәрсенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +28+30 градус шамасында.
Алматыда да ала бұлтты, 0-5 м/с жел соғады, +31+33 градус.
Ақмола және Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының аумағында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы сәйкесінше, +22+27, +20+25 және +25+30; Қостанай облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, +20+25.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, +25+30 және +30+35, градус; аймақтың кей жерлерінде күн ыстық, өрт қаупі сақталады, Шығыс Қазақстанда желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл және Қызылорда облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, +33+38 және 32+37 градус, кей жерлерінде өрт шығу қаупі өте жоғары.
Оңтүстік Қазақстан облысында жауын күтілмейді, +32+37, кей жерлерінде өрт шығу қаупі өте жоғары. Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, +31+36. Маңғыстау облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, +25+30. Атырау облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, +29+34. Батыс Қзақастан, Ақтөбе облысында күн ашық болады,+22+27 және +23+28 градус.
Алдағы күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі арта түсед
Дереккөз: КазТАГ


