26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз болады деп күтілуде

28 маусым 2017 Қаралым: 1 863 Ауа райы
Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз болады деп күтілуде

Алматы. 28 маусым. Ақпараттар орталығы. Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын жаумайды, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады, ауа температурасы +28+30 градус шамасында.

Алматыда да ала бұлтты, кейде күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, 2-7 м/с жел соғады, +26+28 градус.

Ақмола, Павлодар облысында жауынсыз, 15-20 м/с және 15-22 м/с жел тұрады, ауа температурасы сәйкесінше, +25+30 және +22+27 градус. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, +23+28 және +24+29.

Қарағанды облысында күндіз жауынсыз, түнде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы сәйкесінше, +22+27. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +23+28.

Жамбыл облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, таулы аймақтарында күшті жауын жауады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, +27+32.

Оңтүстік Қазақстан облысында жауын күтілмейді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы+31+36. Қызылорда облысында күн ашық, +30+35.

Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, тау бөктерлерінде күшті жауын жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы +26+31.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қзақастан және Ақтөбе облысында жауын жаумайды, күндіз ауа температурасы +28+33, +30+35, +27+32 және+30+35 градус.

Күндіз Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Отүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Күшті жауын жауады деп күтілуі себепті Жамбыл облысының жекелеген таулы өзендерінде су тасуы мүмкін, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы өзендерде су деңгейі құбылып тұрады.


Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз