Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Алматы. 19 шілде. Ақпараттар орталығы. Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Астанада ала бұлтты, кейде күн күркіреп, жауын жауады, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +22+24 градус шамасында.
Алматыда ала бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел соғады, +30+32 градус.
Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, сәйкесінше, +20+25, +22+27 және +22+27. Ақмола және Павлодар облыстарында бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола жән Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, кей жерлерде күн күркірейді, тұман, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с дейін жетеді, бұршақ жаууы мүмкін, +20+25.
Қарағанды облысында кей жерлерде жаңбыр, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, жекелеген аудандарда ертеңгісін тұман, күндіз бұршақ, +20+25. Шығыс Қазақстан облысының аумағында өткінші жаңбыр жуады, кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін, +19+24.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында күн ашық, жауын күтілмейді, сәйкесінше, +34, +37 және +38. Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, +28+33.
Маңғыстау және Атырау облыстарында жауын жаумайды, ауа температурасы сәйкесінше, +32+37 және +34+39. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, +33+38. Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, +30+35.
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алдағы күндері елдегі оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың және шығыстағы таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады.
Дереккөз: КазТАГ


