Сейсенбі күні Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады
Алматы. 25 шілде. Ақпараттар орталығы. Сейсенбі күні Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасаған ҚазТАГ.
Астанада ала бұлтты, солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады, ауа температурасы +27+29 градус шамасында.
Алматыда да ала бұлтты, күн ашық, 0-5 м/с жел соғады, +335+37 градус.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, ауа температурасы сәйкесінше, +24+29, +22+27, +25+30 және +25+30 градус; Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл соғуы мүмкін.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болып, ауа температурасы сәйкесінше, +28+33 және +27+32 градус.
Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында күн ашық, +30+35, +37+42 және +37+42 градус. Жамбыл, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, шаң суырады. Алматы облысында жауын жаумайды, +34+39.
Маңғыстау облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, +32+37.
Атырау, Батыс Қазақастан және Ақтөбе облысында жауын жаумайды, +31+36, +25+30 және +25+30 градус. Батыс Қазақстанның кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады.
Күндіз Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.
Алдағы күндері елдегі оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Алматы облысында ауа температрасы көтерілуі себепті таудағы өзендерде су көлемі арта түседі.
Дереккөз: КазТАГ


