26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз болады деп күтілуде

19 маусым 2017 Қаралым: 2 050 Ауа райы
Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз болады деп күтілуде

Алматы. 20 маусым. Ақпараттар орталығы. Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +28+30 градус шамасында.

Алматыда да ала бұлтты, өтпелі жауын жауады, күн күркірейді 2-7 м/с жел соғады, екпіні 10 м/с, +30+32 градус.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының аумағында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с болады, Ақмола облысында желдің екріні 28 м/с, Солтүстік Қазақстанда күндіз бұршақ жаууы ықтимал, сәйкесінше, +25+30, +20+25 және +25+30; Қостанай облысында кей жерлерде жаңбыр, 15-20 м/с жел тұрады, +20+25.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, +27+32 және +30+35 градус; аймақтың кей жерлерінде күн ыстық болады.

Жамбыл облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, +33+38 градус, кей жерлерінде өрт шығу қаупі өте жоғары,

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында синоптиктер күн ашық болады деп болжауда, +32+37 және +30+35; Оңтүстік Қазақстанда кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады, +29+34.

Маңғыстау, Ақтөбе облысында кей жерлерінде жауын-шашын, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, +25+30 және +22+27; Ақтөбе облысында да өрт қаупі жоғары болады. Атырау облысында күндіз жауын-шашынсыз, +27+32. Батыс Қзақастан облысында кей жерлерінде жауын, +23+28.

Алдағы күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде су деңгейі арта түседі.

Дереккөз: КазТАГ

Тағы оқыңыз