26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Шәкәрімнің белгісіз фотосуреті табылды

8 декабря 2014 Просмотры: 922

Мәскеу архивтерінде жүргізілген зерттеу жұмыстарының кезінде Абай қорық мұражайларының мамандары (Семей) Шәкәрім Құдайбердіұлының 1927 жылғы фотосуретінің түпнұсқасын тапқан болатын, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінiң ресми сайты.

Осы уақытқа дейін мұражай бұл фотосуреттің көшірмесін қолданып, суретте Шәкәрімнің өзі бейнеленген фактісі нақты болмай келсе, мәскеулік архивте табылған құжаттың артында суреттегі адманың есімі мен түсірілген мерзімі жазылған екен.

Фотосуреттің авторы орыс зерттеуші Федор Фиельструп болып шықты. Оның материалдарында зерттеушілер қазақ данышпанымен кездесу туралы және Шәкәрімнің өз аузынан шыққан ақпараттар кездеседі. Әйгілі қазақ ақыны ғалымға бүркітпен аң аулау және қазақ халқының сүтті тағамдары туралы баяндаған. Сонымен қатар, Музей қызметкерлері Шәкәрім тұрған ауыл бейнеленген 30 фотосуреттің көшірмесін алып келді.