Шахан әкімі бес қабатты үйдің құлауына байланысты қылмыстық жауапқа тартылды
Алматы. 5 маусым. Ақпараттар орталығы. Қарағанды облысы Шахан ауылындағы тұрғын үйдің жылыту қазандығындағы жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Қазіргі таңда процессуалдық прокурор тексеріп жатқан қылмыстық іс сотқа жолдау кезеңінде. Шахтинск қаласы әкімдігінің 5 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылған. Оларға қатысты «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленген», - деді арнайы прокурор, Қарағанды облысы прокурорының көмекшісі Ғабиден Жиенбаев дүйсенбідегі брифингте.
Ол түсіндіргендей, қылмыстық жауапқа Шахан ауылының әкімі, Щахан ауылының коммуналдық мәселелер жөніндегі әкім орынбасары, коммуналдық мәселелер жөніндегі маман, Шахтинск қаласы әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің екі лауазымды тұлғасы тартылған.
«Оларға ҚР ҚК 370 бабы 4 бөлімі бойынша айып тағылуда. Олар 2017 жылы жылыту қазандығын пайдаланудағы өрескел бұзушылықтарға, құрылыс нормалары мен ережелеренің бұзылғанына қарамастан әрекет етпеген, яғни аталмыш бұзушылықтардың жойылмауының салдары адамдардың өліміне алып келген деген айып тағылуда. Өз кәніларын олар мойындамауда», - деді Ғ.Жиенбаев.
Еске салсақ, 1 қаңтарда Шахан кентінде 4-ші подъезде жертөлеге орналастырылған дербес жылыту жүйесінің қазандығының жарылуы салдарынан 4-ші подъездің оң қанаты 1-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейін опырылып құлап түсті. Бұл үйде 118 адам тұратын, 4-ші подъезде – 25 адам тұратын.
Кейін хабарланғандай, қазандықтың от жағушысы өлі күйінде табылған. ІІД хабарлағандай, оның денесінен зорлық-зомбылық белгісі табылмаған. Ол суықтан өлген.
Дереккөз: КазТАГ


