26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Шекарашылар Қазақ-Қытай шекарасында заңсыз өтіп бара жатқан үлкен көлемдегі жүкті анықтады

26 сәуір 2015 Қаралым: 1 075

«Достық» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары Қазақстан-Қытай бағытындағы жүк вагондарын тексеріп жүрген кезде бір вагонға пломбы салынбағандығын байқайды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Вагонды тексеріп қарағанда оның ішінен 24 қап жүк табылған. Жүкті ашқан кезде оның ондатра терісі екендігі анықталған. Жалпы салмағын таразыға тартқанда 650 килограмм болып шыққан.

«Аталған дерек бойынша Алматы облысының құқыққорғау органдары хабарландырылды, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлануда.