26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Шетелде оқып жатқан Қазақстан студенттеріне отандық ЖОО-ларға ауысуға көмектеседі – БҒМ

13 тамыз 2020 Қаралым: 1 812 Білім беру
Шетелде оқып жатқан Қазақстан студенттеріне отандық ЖОО-ларға ауысуға көмектеседі – БҒМ

Алматы. Тамыз 13. Ақпараттар орталығы -оқып жатқан Қазақстан студенттеріне отандық ЖОО-ларға ауысуға көмектесеміз, деп хабарлады ҚазТАГ ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР білім және ғылым министрлігі шетелдік ЖОО-ларға өз беттерімен түскен және коронавирус инфекциясы пандемиясы салдарынан проблемаға тап болған студенттерге көмек көрсетуді бастады. Көптеген шетелдік ЖОО-лар қашықтықтан оқыту қызметін көрсетуге көшті, алайда ЖОО-лардың бір бөлігі қашықтықтан оқыту қызметін ұсына алмай отыр. Өздеріне қатысты емес себептерге байланысты оқуын жалғастыра алмаған студенттерге аталмыш елден қайтуға және қалаулары бойынша отандық жоғары оқу орындарына ауысуларына көмек көрсетіледі», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, аталмыш рәсім форматы жеңілдетілген. Студенттерге ЖОО виртуалды қабылдау комиссиясына жүгінсе жеткілікті. Ауысу туралы өтініштері онлайн-режимде рәсімделеді.

Дереккөз: ҚазТАГ

Тағы оқыңыз