26 қараша 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

ШҚО-да 2016 жылы 225 білім беру және денсаулық сақтау нысандары жөнделеді

14 наурыз 2016 Қаралым: 2 052

Алматы. 15 наурыз. Ақпараттар орталығы. 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында ауылдық жерде орналасқан 225 білім беру және денсаулық сақтау нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлады ШҚО Ақпараттар орталығынан. 
Шамамен 3 млрд теңге 149 мектеп пен 76 фельдшерлік-акушерлік пункттердің, дәрігерлік амбулаторияның жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Оның ішінде шамамен 300 млн теңгесі жергілікті бюджеттен, қалғаны республикалық бюджеттен бөлінді. 
«Биыл қаржыны 7 немесе 8 бағытқа бөлмей, біз басымдықты әлеуметтік маңызды нысандардың жөндеу жұмыстарына беріп отырмыз. Жалпы, «Жаңару» бастамасы аясында 149 білім беру және 76 денсаулық сақтау нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Олардың барлығы ауылдық жерде орналасқан», — деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
141 мектеп, 5 колледж және білім берудің өзге 3 нысандарының жөндеу жұмыстарына 2,2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Ең алдымен шатыры, жылыту жүйесі, қазандықтары жөнделеді. 
772 млн. теңге қаржыны құрайтын 57 отбасылық-дәрігерлік амбулатория мен акушерлік пунктерге, 15 ауруханаға, 3 емханаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олардың ішінде нысандардың 80% ауылдық жерде орналасқан. Ең алдымен жылыту жүйелеріне жөндеу жүргізу керек нысандар енгізілген. Конкурстық рәсімдер сәуір айында өткізіледі. 
Сонымен қатар әкім орынбасары биыл медицина қызметкерлері үшін облыс бойынша 117 пәтер бөлінетінін атап өтті.